ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Солтүстік өңірлерге қоныс аудару жәрмеңкелері
Құрметті бітіруші түлектер, жас мамандар!
2024 жылдың 11-14 наурыз күндері аралығында Түркістан облысында солтүстік өңірлердің бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Осыған орай, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектерін және 2024 жылы бітіруші курс білім алушыларын  солтүстік өңірге қоныс аударушыларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын «Солтүстік өңірлерге қоныс аудару жәрмеңкесіне» қатысуға шақырамыз!
Іс-шараға Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан және Халықаралық көші-қон ұйымынан жалпы 70-ге жуық өкілдерінің (жұмыс берушілер, аудан, ауыл әкімдері, мемлекеттік орган қызметкерлері) қатысуы жоспарланған, 6 өңір бойынша барлығы 4000-ға жуық бос орындар ұсынылуда.
Аталған жәрмеңкеде бітірушілер мен түлектерге бос жұмыс орындар және әлеуметтік қолдаулар туралы ақпараттар толық түсіндіріледі. 

Өтетін күні мен уақыты:14.03.2024 жыл
сағат 14:00
 
Өтетін орны:Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы

 

Напишите свой вопрос

 

    ×