ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ҚОЛДАУ

Университет Өкілетті Кеңес төрағасы және университет басшылығы тарапынан студенттерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселесі ұдайы назарда. Түрлі әлеуметтік деңгейдегі шәкірттерге бекітілген ережеге сәйкес әлеуметтік жәрдем тағайындалады. Мәселен қазіргі таңда 25 тұл жетім білімгер университеттің толық көмегіне ие. Тегін оқу, тамағы, жатақханамен қамту мәселесі шешілген. Мұнан өзге халықаралық, республикалық біріншіліктер мен байқау жүлдегерлеріне де әлеуметтік жәрдем және сыйақы тағайындалады. Қазіргі кезде 12 спортшы мен 15 жас өнерпаздар университет есебінен тамақтанады. Оларға ай сайын 21,700 теңге көлемінде талон беріліп отырады. Мұнымен қатар «Жастар жасағы» бойынша 20 студентке тегін жатақхана берілген. Бұл студенттер университет қалашығында тәртіп мәселесіне өз көмектерін тигізеді. Елбасымыздың бастамасымен жұмыс жасайтын «Жасыл ел» бағдарламасы аясында да студенттер еңбекке тартылып, жалақы төленеді.

Напишите свой вопрос

 

    ×