СТИПЕНДИЯЛАР

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендиялар Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 136 Бұйрығы негізінде студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға, анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға, интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған
Стипендия санын жоғары оқу орындары арасында бөлу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың контингентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Талаптар бойынша  3 және 4 курс студенттерінің жыл бойы алған білім көрсеткішінің нәтижелері «өте жақсы» деген баға болу керек…(pdf)

Мемлекеттік атаулы стипендия — Қазақстан Республикасы үкіметінің № 175 («Мемлекеттік атаулы стипендияны бекіту туралы»)   2011 жылдың 24 ақпан Қаулысына сәйкес тағайындалады және орындар саны ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген. Талаптар бойынша  3 және 4 курс студенттерінің  жыл бойы алған білім көрсеткішінің нәтижелері «өте жақсы» деген баға болу керек.
Физикалық және заңды тұлғалармен берілетін атаулы стипендия техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымның күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім алатын студенттерге тағайындалады…(pdf)

Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) тағайындалады және төленеді.

Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді…(pdf)

Напишите свой вопрос

 

    ×