Сихымбаев Әмірбек

«Ботаникалық бақ» директоры

«Ботаникалық бақ»

Түркістан қаласында Ботаникалық бақ салу екі мақсатты көздеді: Оңтүстік Қазақстанның субаридты регионында декоративті және жеміс-жидек өсімдіктерінің ассортименттерін зерттейтін ғылыми интродукциялық орталық құру, екінші университеттің биология, экология, география мамандарына оқу-өндірістік база орнату.

ҚР Премьер-министрінің №428-З 29.09.1993 ж. өкімімен осы мәселені шешу үшін ежелгі Түркістан қаласында Халықаралық қазақ-түрік университеті құрамында жер көлемі 88 га құрайтын жаңа Ботаникалық бақ құрылды.

Ботаникалық бақ орнату 1994 жылы басталды. Бүгінгі таңда ботаникалық бақтың коллекциялық фондында декоративті және жеміс өсімдіктерінің 150-ге жуық түрлері мен сорттары бар, бұл жерге бірінші рет интродукцияланған, басқа аймақтардан әкелінген өсімдіктер, 59 туыспен, 28 тұқымдасқа жатады.

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағы Арал-Сырдария апат аймағы кері әсері тиіп отырған шұғыл континентальды климат жағдайына жатады.

Соңғы 50 жыл көлеміндегі орташа жылдық температура +1°С-қа жоғарыласа, ал жылдық жауын-шашын мөлшері 28 мм-ге төмендеген. Жылдың 225 күнінде құрғақшылық мерзімі болады. Наурыз айынан бастап қараша айының ортасына дейін түскен жауын-шашынның мөлшерінен булану мөлшері артып, жердің жоғарғы қабаты түгелдей құрғаған. Шаң-тозаңды жел бірнеше айға дейін созылады. Жазда ауа температурасы 40-50 °С-қа жетіп, құрғақ ыстық жел — «керімсал», қыста суық жел — «қара суық» соғып, мұның барлығы тек қана келушілерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да қолайсыздық тудырады. Соның салдарынан жергілікті флора мен жеміс ағаштарының бағалы түрлері толық жойылып кету қаупі үстінде.

Қала көгалдандырылған өсімдіктерге өте жұтаң, сонымен қатар  эстетикалық талаптарды орындауға, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартуға, адамдарға қолайлы жағдай тудыратын орта жасайтындай қызмет атқара алмай келеді. Сол себепті аридті жағдайға интродукциялау үшін әкелінген өзге аймақтық өсімдіктердің ғылыми негізделген түрлерін көбейтіп,  өсірудің тиімді технологиясын қалыптастыру үлкен әлеуметтік-экологиялық маңызға ие болып отыр.

Ботаникалық бақтың жылыжайы 2012 жылы пайдалануға беріліп,  сәндік гүлдер, ағаштар мен бұталар өсіріле бастады. 2018 жылдан бастап декоративті өсімдіктерді жылдам өсіру әдісімен көшеттер өсірілуде.

Коллекциялық питомникте қылқанды өсімдіктердің 17 түрі, экспозициялық секторда бұта типтес өсімдіктердің 47 түрі интродукцияланған.

Бүгінгі таңда Ботаникалық бақ төмендегідей тәлімбақтар мен жер телімінен тұрады:

 

1.Дендрарий                                            — 11,2 га

2.Ақ қайыңдар шоғыры                          — 1,3 га

3.Қылқанжапырақтылар экспозицияс    — 2,7 га

4.Розарий                                                 — 0,3 га

5.Сәндік гүлзар                                       — 0,2 га

6.Сиренгарий                                           — 2,5 га

7.Қазақстан Флорасы                              — 10,3 га

8.Әкімшілік аймағы                                  — 1,25 га

9.Бас партер                                              — 0,6 га

10.Кіші партер                                          — 0,48 га

11.Алаң, жолдар, аллея жолы                           — 5,0 га

12.Шаруашылық аймағы                         — 2,8 га

13.Қонақтар аллеясы                              — 1,54 га

14.Тәжірибелік-эксперименттік сектор   — 16,03 га

15.Жеміс-жидектік тәлімбақ                     — 10,0 га

16.Репродуктивті тәлімбақ                       — 10,0 га

17.Карантинді тәлімбақ                            — 1,0 га

18.Санитарлық қорғау аймағы                — 10,6 га

Барлығы:                                                  — 88,0 га

аға дендролог

Егембердиев Ерзат

аға агроном

Артықбай Нұрғиса

 

инженер

Рысбергенов Ерлан

 

 

Напишите свой вопрос

 

    ×