Калыбаев Есен Раимкулович
Департамент директоры

Шаруашылық департаменті

Шаруашылық жұмыстарына тікелей жауапты шаруашылық басқармасы университет ашылған күннен бастап жұмыс істейді. Шаруашылық департаменті 2021-2022 оқу жылынан бастап шаруашылық департамент болып қызметін жалғастыруда.

Шаруашылық департаменті оқу, жатақхана, қосалқы ғимараттарының тазалығына, санитарлық жағдайын, жеткілікті мөлшерде жылу, жарық, ауыз су, ішкі-сыртқы телефон байланысының жұмыс істеуі жәнеде осы аталған нысандардың жыл сайын ақауын анықтап күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және университет қалашығын көгалдандыру. Шаруашылық департаментінде жылу жүйесі төрт қазандықа бөлініп басқарылады. Қазандықтарда қала жарығы сөнгенде автономды тоқ өндіретін дизель электростанциялары бар. Жәнеде университет қалашығын ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған 750 м тереңдіктен су шығатын ұңғыма (скважина) орталық су қоймасында орналасқан. Университет қалашығын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында кернеуі 110/35/10 кВ университет подстанциясы қалашыққа электр жарығын береді.

Шаруашылық департаменті қызметкерлері – 312 штат. Түркістан қаласы бойынша 7 оқу ғимараты, 5 студенттік жатақхана, 3 жанұялық жатақхана, Мағжан қалашығы, 1 кітапхана, 1 бассейн жүзу су кешені, 1 мәдениет орталығы бар.

Шаруашылық департаментіне қарасты бөлімдер:

  1. Шаруашылық департаменті (департамент қызметкерлері, инженерлер, ғимарат меңгерушілері)

  2. Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы: Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі мен Электр қондырғылары мен желілерін жөндеу бөлімі кіреді.

  3. Көгалдандыру бөлімі

  4. Құрылыс және жөндеу бөлімі

  5. Коммуналдық қызмет көрсету бөлімі

  6. Автокөлік бөлімі

  7. Виварий зертханасы

  8. Техникалық және автоматикалық қызмет көрсету бөлімі

  9. Орталық қойма

Департамент бас маманы

Адырбеков Сейтжан Мырзанұлы

Департамент ЖЕТЕКШІ маманы

Шериаздан Гүлжан Қалжанқызы

Техник-байланысшы

Азимбеков Кайрат Тойшыбекұлы

Департамент су инженері

Турекулов Сакен Ахметұлы

Инженер-электромеханик

Сарбасов Мұрат Ақтайұлы

Напишите свой вопрос

 

    ×