Әлібеков Ернар
Орталық қойма меңгерушісі

Орталық қойма

Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма орын-жайын барынша тиімді пайдалануды, қажетті материалдарды, керек-жарақты орналастыру бойынша басшылық жасайды. Сақтау режимінің, кіріс-шығыс құжаттарының рәсімделу және тапсырылу ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Өртке қарсы құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын, орын-жайдың, қоймадағы жабдықтар мен керек-жарақтың жай-күйін бақылайды, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады. Қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығыстарын қысқарту, қоймада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді. Қоймаға келген тауарлардың түрлері, өлшемдері, сапасы, сорттары мен басқада ерекшеліктерін және оларды жұмсау нормалары, қабылдап алу, босату, түсіру, тиеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Напишите свой вопрос

 

    ×