1. «Оқу үдерісін Халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орнында білім алып жатқаныма қуаныштымын. Ахмет Ясауи университетінің білім беру бағдарламалары студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Бүгінде менің білім жетілдіріп жүрген Лодзь университетінде студенттер Әлемнің 385 елінен келіп оқып жатыр. Заманауи үлгідегі техникалық базасы, оқытушы-профессорлық құрамы, кітапханасы, барлық мүмкіндіктер жасалған жатақханасы алып жатқан білімімізді сапалы ете түсуде. Лодзь Университетінде алып жатқан білімімді және жинаған тәжірибемді өз университетімнің дамуына жұмсайтын боламын деп нық сеніммен айта аламын».

НУРДИНОВ Нұрсұлтан
Жаратылыстану факультетінің Биология мамандығы бойынша магистранты.
Лодзь Унииверситеті, Польша.

  1. «Студенттердің сан түрлі қажеттіліктерін қамтып отырғаны үшін университетке алғысым зор. Өзім секілді білімгерлер сапалы білім берудің барлық заманауи мүмкіндіктеріне ие болып отырмыз. Ахмет Ясауи университетінің білім беру жүйесі Еуропалық талаптарға негізделген деуге болады. Өзім білім алып жүрген Эрджиес университетінде студенттердің оқуға деген ықыласын арттыра түсетін, білім алуға қолайлы жағдай туғызатын озық технологиялармен жабдықталған дәріс залдары жұмыс істейді. Біз жоғары білімді дамыту мүмкіндіктеріне шын көңілден қуанамыз!».

УМЕРБЕКОВА Асель
Жаратылыстану факультетінде Биология мамандығы бойынша 4 курс студенті.
Эрджиес университеті, Түркия.

  1. «Білім алып жүргенімізге 4 айдан енді асты. Қалаға, университетке үйренісіп кеттік. Университетте студенттер үшін жан-жақты жағдайлар жасалынған. Оқытушы-профессорлар құрамының студенттермен қарым-қатынасы, дәріс беру деңгейі өте жоғары. Гази университеті – ағылшын және түрік тілдерінде әлемдік стандарттарға сай білім беретін университет. Гази университетінде алып жатқан білімім болашақта дәрігерлік практикамда өте үлкен дәрежеде өз пайдасын бере алады деп білемін.

СТАМҚҰЛОВ Олжас
Медицина факультетінде Хирургия мамандығы бойынша интерн-доктор, 6 курс.
Гази университеті, Түркия.

Напишите свой вопрос

 

    ×