7.3. Визалық қолдау

7.3.1. Шетел студенттері мен қызметкерлерге визалық қолдау

Виза бөлімі Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес іс-қағаздарымен, қызметкерлер мен студенттерге визалық қолдау көрсету, жұмыс пен оқуға келген шетелдік азаматтардың құжаттарын тіркеу және қайта тіркеумен айналысады.

-Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі туралы заң

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002337_#z20

7.3.2. Оқу визасы

Визалық елдерден келетін студенттерге визалық қолдау көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) паспорттың көшірмесі;

2) студенттің өтініші;

3) студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (оқуға түскен студенттер үшін);

4) курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықтан үзінді (оқитын студенттер үшін);

5) виза төлемі туралы түбіртектің түпнұсқасы;

6) оқу визасы тек бір жылға беріледі.

Визаны ұзарту 

1) төлқұжаттың түпнұсқасы;

2) 3,5 х 4,5 см фотосурет;

3) анкета (өз қолымен толтыру);

4) курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықтан үзінді (оқитын студенттер үшін);

5) виза алымы теңгеде төленеді.

 Визасыз елдерден келетін студенттерге қажетті құжаттар тізімі:

  • Паспорт түпнұсқасы;
  • Оқуға қабылданғандығы туралы бұйрықтан көшірме;
  • Курстан – курсқа көшу туралы бұйрықтан үзінді;
  • Анкета (өз қолымен толтыру);
  • Фото 3,5х4,5;
  • 086-у медициналық анықтама (флюрография және қан талдамасы міндетті);
  • Түркістан қалалық полиция басқармасының Көші-қон бөлімінен саусақ іздерін тапсырғандығы жөнінде анықтама;
  • Тіркеу мерзімі — 1 жылдық оқу мерзіміне жарамды.

Ескерту: Визалық қолдауды, визаның және еңбек шарттарының қолданылу мерзімін ұзартатын шетелдік қызметкерлер үшін паспорттың қолданылу мерзімі алынған визаның аяқталу мерзімінен кемінде 6 айға ұзағырақ болуы керек. 

7.3.3. Жұмыс визасы 

2021-2022 оқу жылына арналған заңнаманың талаптарына сәйкес визалық қолдау, визаны ұзарту, тіркеу, қызметкерлердің еңбек шарттарын ұзарту және әртүрлі хабарламалар үшін қажетті құжаттар тізімі

Түркиядан келген оқытушы-профессорлар, қызметкерлер  үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) төлқұжаттың түпнұсқасы (паспорттың қолданылу мерзімі маңызды);

2) дипломның апостильденген көшірмесі; дипломның қазақша нұсқасы нотариалды куәландырылуы керек;

3) университетпен келісім-шарт қазақша аудармасы нотариалды куәландырылуы керек;

4)   жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзінді;

5)   виза төлемі туралы түбіртектің түпнұсқасы;

6)   лицензияның көшірмесі;

8)  медициналық тексеруден өту туралы жазбалары бар медициналық картаның көшірмесі;

9)   Анкета (өз қолымен толтыру);

10)  3,5 х 4,5 фотосурет;

11)  Түркістан қалалық полиция басқармасының Көші-қон бөлімінен саусақ іздерін тапсырғандығы жөнінде анықтама;

Түркиядан келген оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қажетті құжаттар тізімі: 

1) жұбайының паспортының көшірмесі;

2) қазақ тіліне аударылған және апостиль қойылған неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) баланың төлқұжаты;

4) нотариалды куәландырылған, қазақ тіліне аударылған және балалардың туу туралы (кимлик) апостиль қойылған болуы;

5) 086 медициналық анықтама;

6) Анкета (өз қолымен толтыру);

7) 3,5 х 4,5 фотосурет;

8) Түркістан қалалық полиция басқармасының Көші-қон бөлімінен саусақ іздерін тапсырғандығы жөнінде анықтама;

Визалық қолдау, виза мерзімін ұзарту және еңбек келісім-шарттары Түркістан облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы тарапынан жіті бақылауда болады. Оқу визасы — «С9», оқытушылар мен қызметкерлерге арналған жұмыс визасы — «С3», тіркеу 1 жылдық оқу жылынан аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.

Визаға арналған мемлекеттік қызметтердің құны

Қызмет атауы 2021 жылға арналған қызмет құны
1.Бірмәртелік виза7 АЕК
2.Көпмәртелік виза30 АЕК
3.Шығу визасы0,5 АЕК
4.Визалық қолдау (шақыру)0,5 АЕК

               

            1 АЕК = 3063 теңге — 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін

Напишите свой вопрос

 

    ×